«Welcome to English speaking world» атты апталықтың ашылуы өтті

Бөлісу

05.12.22ж Жамбыл жоғары медицина колледжінде 05.12.- 09.12.22 ж. аралығында өтетін №2 Жалпы білім беру және ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Welcome to English speaking world» атты апталықтың ашылуы өтті. Колледж фойесі өте әдемі безендіріліп, ағылшын ақын-жазушылардың суреттері, олардың кітаптарының макеттері ілінді, ағылшын елінің дәстүрімен әдемі музыкамен ыстық кофе мен тәтті нандар (таңғы ас), тілек жазылған ашық қағаздар ұсынылып, колледж оқытушылары мен студенттеріне тамаша көңіл сыйлады. Апталықтың ашылуы өте жақсы өтті.