Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде 02.07.18. – 02.10.18. жылы «Массажист» (мемлекеттік негізінде) біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ІІІ- ағымының бағдарламасы аяқталды. КМҚК Жамбыл медициналық колледжінің «Б» корпусында аймақтық симуляциялық орталықта 02.10.2018 жылы қысқа мерзімді «Массажист» (мемлекеттік негізінде) біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ІІІ-ағымының мемлекеттік емтиханы өтті. Мелекеттік емтиханның комиссия мүшелері:
- КМҚК «Жамбыл медициналық колледжінің» директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы;
- Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлім меңгерушісі Турмысова Фарида Досмахамбетовна;
- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№5 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК дәрігер физиотерапевті Шиныбаева Жанар Кубежановна;
- Жуалы аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» маманы Бидайбекова Балақыз;
- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№1 Қалалық балалар аурухана» массажисті Айтбекова Меруерт Абилхановна.
«Массажист» (мемлекеттік негізінде) біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ІІІ- ағымын 14 тыңдаушы аяқтап, «Массажист» біліктілігін алды.