Психологиялық қызметтiң мақсаты:
- Орта бiлiм беру ұйымдарында қашықтықтан бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:
- бiлiм алушылардың тұлғалық және зияткерлiк дамуына ықпал ету, өзiн-өзi тәрбиелеу және өзiн-өзi дамыту қабiлетiн қалыптастыру;
- бiлiм алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуiне психологиялық жәрдем көрсету;
- әрбiр бiлiм алушыға жеке психологиялық-педагогикалық зерделеу негiзiнде психодиагностикалық қызмет көрсету;
- психологиялық қиыншылықтар мен бiлiм алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
- психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдiстерiн таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
- бiлiм беру үдерiсi субъектiлерiнiң психологиялық-педагогикалық құзыреттiлiгiн көтеру.
2025-2026 оқу жылына психологиялық қызметтің жылдық жоспары құрылды.
29.10.2025 ж. «Ішкі тыныштық – шынайы бақыт» студенттерге арналған тренинг өткізілді.
Мақсаты: білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ішкі күйін түсіну, сенімді қарым қатынас орнату жолдарын қалыптастыру және психологиялық қолдау көрсету арқылы эмоционалды тұрақтылықты қалыптастыру.
Жауапты: А.Б.Мираева.
https://www.instagram.com/p/DQbGaC1jN5c/?igsh=MXMxbzNpYWYxbGhuaQ==



23.10.2025 ж. «Қауіпсіз орта – жарқын болашақ» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты:
- Қатысушылардың қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейту;
- Қауіп-қатердің алдын алу жолдарын үйрету;
- Жеке және қоғамдық қауіпсіздікке деген жауапкершілікті қалыптастыру;
- Қауіпсіз орта қалыптастыруда әркімнің рөлін ұғындыру.
https://www.instagram.com/p/DQlsb9DjMoP/?igsh=ZjQ3b2N3MDFrZW1p



20.10.2025 ж. «Қарапайым сөз – үлкен қолдау: достықтың психологиялық күші» атты бейнебайқау өткізілді. Мақсаты: бейнебайқау достықтың адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетуінің адам өміріндегі рөлін түсінуге көмектесуді мақсат етеді. Қарапайым сөздер мен қолдау достар арасында сенімділікті, рухани күшті арттырады.
Ұйымдастырушылар: колледж психологтары.




18.10.2025 ж. Колледжімізде оқытылатын мамандықтарға байланысты әр мамандықта оқитын студенттер, колледж қызметкерлеріне өз қызметін ұсыну, студенттерге мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылына орай Тәрбие бөлімі психологиялық қызметінің ұйымдастыруымен «Мамандық – өмірімнің шамшырағы!» тақырыбында акция өткізілді.
Жауаптылар: колледж психологтары.




14.10.2025 ж. «Әрбір күн – қуаныш» тақырыбында студенттерге тренинг өткізілді.
Тренинг барысында студенттер белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді. Көптеген қатысушылар өз өмірінен әсерлі мысалдар келтіріп, позитивті ойларымен бөлісті. Іс-шара жылы, сенімді және достық атмосферада өтті.
Жауаптылар: педагог-психологтар К. Сүйінбекұлы., А.Б. Мираева.




13.10.2025 ж. «Жас маман, болашаққа бас қадам» тақырыбында тренинг өткізілді.
Психолог қатысушылармен жылы атмосфера орнатып, кәсіби бейімделу мен командалық рухты нығайтуға бағытталған «Танысу шеңбері», «Менің кәсібім – менің мақтанышым», «Сенім көпірі» атты ойын-тренингтер өткізді.
Жауапты: Сүйінбекұлы К.
https://www.instagram.com/p/DPyHJvODFyP/?igsh=cm96YzZtczF3MXBw




9.10.2025 ж. «Коварный враг – алкоголь» тақырыбында студенттерге арналған дәріс өткізілді.
Дәріске Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатры Данилюк Ирина Владимировна «Коварный враг – алкоголь» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттерге алкогольдің ағзаға, жүйке жүйесіне және тұлғаның мінез-құлқына әсері туралы ғылыми деректер келтірілді. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің алдын алу және өмір сапасын жақсарту жолдары талқыланды.
Іс-шара соңында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, студенттер өз пікірлерімен бөлісті.
Жауапты: Сүйінбекұлы К.
https://www.instagram.com/p/DPlplRijE2Z/?igsh=MWxpbHdrNXZpdDU0aw==




8.10.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Тәрбие бөлімі психологиялық қызметінің ұйымдастыруымен, «Отбасы – басты құндылық» тақырыбында студенттерге арналған тренинг өткізілді.
Мақсаты: отбасы құндылығының маңыздылығын түсіндіру, отбасындағы қарым-қатынасты нығайту, студенттерге отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, ата–анасын сыйлауға, кішіге қамқор тату болуға тәрбиелеу.
Жауапты: А.Н.Оскенбаева.
https://www.instagram.com/p/DPlpM4vDOWx/?igsh=d2JjejUzem0yYjRz



20.09.2025 ж. «Бірге болсақ, алынбайтын қамал жоқ!» тақырыбында студенттерге арналған тренинг өткізілді.
Мақсаты: 1-курс студенттерін жаңа ортаға бейімдеу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, өзара қолдау, сенім және сыйластық атмосферасын қалыптастыру, жеке тұлғаның жақсы қасиеттерін ашуға ықпал ету.
https://www.instagram.com/p/DRwtgpRDPNO/?img_index=1&igsh=c3VyajU3MTBhY2Jo



25.09.2025 ж. «2025-2026 оқу жылында жаңадан қабылданған студенттердің ата-аналар жиналысы» өткізілді. Ата-аналарға колледждің ішкі тәртібі, әр бөлімнің мақсаты мен жұмысы туралы айтылып, түсіндірілді.
https://www.instagram.com/p/DPLVfRIiD_5/?igsh=MWR1NnlyZWphNWZ4eA==




19.09.2025 ж. оқу жылындағы жатақхана жұмысының басталуы (жалғасуы) жаңа оқу жылындағы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің жатақхана жұмысының жоспары таныстырылып, рейдтік іс-шара жүргізілді.
Жауаптылар: тәрбие бөлімі.
https://www.instagram.com/p/DOyiO0yiCYW/?igsh=amg4MGgzeGZsaWM0



19.09.2025 ж, «Қыз бен жігіт арасында достық қарым-қатынас болады ма?» тақырыбында студенттер арасында сұхбат өткізілді.
Мақсаты: Жастардың гендерлік қарым-қатынасқа көзқарасын анықтау, достық пен романтикалық байланыстың айырмашылығын талқылау, өзара сыйластық пен жеке шекараларды түсіндіру.
Жауапты: К.Сүйінбекұлы.



2025 жылдың 19-шы қыркүйек аралығында рейд жұмыстары жүргізілді. Рейдтің мақсаты: колледждің ішкі тәртібін айтып, ішкі тәртіпті қатаң сақтауға, сабақтан кешікпеуге, сабақтан себепсіз қалмауға, қалған жағдайда топ кураторына ескерту, кешкі сағат 22.00-де далада, көшеде жүрмеу, кәмелет жасқа толмаған жасөспірім тек ата-анасымен жүруге рұқсат көшеде, сағат 22.00-ден кейін, оқытушыларды сыйлау, амандасу, жол беру, топпен тату болу, колледжде жүргізілетін іс-шараларға белсене қатысу. 4-ші қабатта «Психологиялық қызмет» кабинеті жұмыс жасайды, сіздерді мұқият тыңдауға, дұрыс бағыттауға, кеңес беруге, т.б. жағдайларда келіп өз ойларыңызбен бөлісуге болатыны айтылды. Студенттерге QR код туралы түсінік берілді және мақсаты айтылды, яғни сканерлеу арқылы студенттер өздерінің қорқу, үрей, қысым т.б. жағдайларын жазады, түскен хабарламалар зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Келіп түскен өтініштер тек психологтар және тәрбие бөлімінің меңгерушісі Ж.Н.Айдабосыноваға түседі, тиесілі. Келіп түскен өтініштер жан-жақты сарапталып, оң шешімі шығарылады. Ең бастысы түскен хабарламалар анонимды болады. Жауаптылар: тәрбие бөлімі.
https://www.instagram.com/p/DOvl_LaiO44/?igsh=MWdlczM5YnZ4eGxoMA==


