Колледж тарихы

Жамбыл жоғары медициналық колледжі Қазақстан Республикасындағы орта медициналық және фармацевтикалық мамандар даярлау және қайта даярлап орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі. 
1936 жылы 12 ақпанда Мирзоян (қазіргі Тараз) қаласында екі жылдық мейірбикелер мектебі құрылып, 30 адам білім алды.

Промонтов Иван Нилович

1938 жылы ең алғашқы түлектер мектепті бітіріп шықты. Мектептің алғашқы ұйымдастырушысы, қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Промонтов Иван Нилович — жан жылуы мен жауапкершілікті серік еткен тұлға. Ол ұлт денсаулығының нық негізін қалаған  ұлағатты ұстаздардың көшін бастады. Бұл бастама орта медициналық оқу саласының негізін қалауда маңызды рөл атқарған.

 

Пак Николай Романович

1937-1945 жылдар аралығында «Мейірбикелер» мектебін облыстың бас хирургы, медицина ғылымдарының кандидаты, Тараз қаласының құрметті азаматы  Пак Николай Романович басқарған. Оның басшылығымен мектептің дамуы, оқытушылық құрамының қалыптасуы және білім беру сапасының артуы жүзеге асқан. 1938 жылы ең алғашқы түлектер медсестра мектебін бітіріп шықты.

1945 жылдан 1948 жылға дейін «Фельдшер-акушерлік» мектебі аталып, мейірбике, фельдшер және акушерлерді дайындап шығарды. 1948 жылы мектепке училище атауы берілді.

Овчинникова Зинаида Павловна

1955-1981 жылдар аралығында Жамбыл медициналық училищесін акушер-гинеколог, екі рет «Құрмет белгісі» орденінің иегері, денсаулық сақтау ісінің үздігі Овчинникова Зинаида Павловна басқарды. Зинаида Павловнаның  басшылығымен училище шын мәнінде орта медициналық кадрларын дайындайтын ұстаханаға айналды. «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қазақ ССР денсаулық сақтау ісінің үздігі Зинаида Павловна училищенің материалды-техникалық базасын нығайтуға көп күшін салды. Оның басқару кезінде училище тұрақты дамып, медициналық мамандар даярлауда орнықты құрылым қалыптасқан.

Тыныбекова Аида Тыныбекқызы

1981-1985 жылдар аралығында училищені дәрігер-терапевт Аида Тыныбекқызы Тыныбекова басқарды.  Денсаулық сақтау министрлігінің  бұйрығымен Жамбыл медициналық училищесінің директоры болып тағайындалып,  1981-1985 жылдар аралығында колледжге көп еңбегін сіңірді. Дәрігер-терапевт мамандығындағы басшы ретінде оқытушылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, оқу орнының дамуына жаңа бағыт берген. Оқу-тәрбие процесін жүргізуді,  оқу-өндірістік тәжірибелерді өткізуді, қызметкерлердің еңбек тәртібін бір жүйеге келтіріп бақылауға алды. Мейірбике мамандығы бойынша 1983 жылы өндірістен қол үзбей мейірбикелерді дайындайтын  кешкі оқыту бөлімі ашылды.

Нұрланова Рысты Берекелқызы

1985-1990 жылдары КСРО-ның,  Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау істерінің  және білім беру  ісінің үздігі,  дәрігер-педиатр Рысты Берекелқызы Нұрланова басқарды.  Басқару дәуірінде оқу орны білім беру сапасын көтеруде маңызды қадамдар жасаған. 1990 жылы сәуір айынан 2000 жыл аралығында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігінің мемлекеттік оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары және осы орталықтың директоры қызметін атқарды.      2000 жылдан бастап ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігінің орта медициналық және фармацевтикалық бөлімінің басшысы. 2004 жылдан бастап ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігі Республикалық оқу – әдістемелік орталығының директоры.

2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін Республикалық медициналық колледжінің консультанты, «Қазақстан медициналық колледжінің кеңесі» ОЮЛ  оқу- әдістемелік кеңесінің төрайымы.

1978 жылы училищеде фармация мамандарын даярлауды бастады, ал 1983 жылы мейірбикелерді дайындайтын кешкі оқыту бөлімі ашылды.

Қоңырова Самиха Қоңырқызы

1990-2015 жылдар аралығында колледжді «Алтын дәрігер» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі, педагогика ғылымдарының  кандидаты, Байзақ ауданы мен  Тараз қаласының Құрметті азаматы Қоңырова Самиха Қоңырқызы басқарды.

Медициналық колледжді басқарудағы кезеңде Қоңырова Самиха Қоңырқызы өзін дарынды ұйымдастырушы, тәлімгер-педагог ретінде көрсете білді. Колледждің материалдық – техникалық базасының жақсаруына, кадрлық потенциалдың нығаюына, зертханалар мен кабинеттердің оқытудың қазіргі заман талабына сай жабдықталуына көп үлес қосты. Ұзақ мерзімді басқару кезеңі колледждің тұрақтылығына, оқу үрдісінің жетілдірілуіне, мамандар даярлаудың сапасын арттыруға септігін тигізді.

Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы

2016  жылдан  бастап колледжді дәрігер-педиатр, жоғары санатты оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, Денсаулық сақтау үздігі, білім беру жүйесінің құрметті қызметкері  Жамиля Нұрғалиқызы Сарыбекова басқаруда.

Жамиля Нұрғалиқызы колледждің әдістемелік жұмысын жоғары деңгейге коя білді. Ол кісінің бастамасымен колледждің әдістемелік кабинеті халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейде іс-шаралар: ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кәсіби байқаулар, дөңгелек үстел, оқытушылардың шығармашылық есептері, семинарлар ұйымдастырып өткізді.

Оқу-әдістемелік жұмысты дамытып, заманауи оқу кабинеттері мен зертханалар ашуға ықпал еткен. Оның бастамасымен колледж «Жоғары медициналық колледж» статусына ие болды. Соңғы  10 жыл ішінде колледж  тарихында болған елеулі жаңалықтар,     колледждің толағай жетістіктері  Жамиля Нұрғалиқызының  есімімен тікелей байланысты: киелі оқу орнының мұражайы, “Рухани дамыту” орталығы, спорт алаңы, Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық орталығы, заманауи жабдықтармен жаcақталған пәндік кабинеттері (Смарт анатомия – 3D принтер (Сreatabble d3),  сенсорлы Led экран, интерактивті парта, Smart kapp, Смарт патанатомия- 3D -принтер – XYZ  da Vinci 1.0, интерактивті парта, 3 D очки,  Smart kapp, Смарт физиология – 3D қалам – Myriwell RP200B, интерактивті парта, планшет IT class), Симуляциялық орталық, «Адалдық алаңы» дүкені, «Денсаулық» жаттығу залы, «Coworking»  оқу  орталықтары, «Sanaly urpaq» студенттік клубы, «PULSE TV» телестудиясы және «Jasyl darihana» жылыжайы,  IT кабинеті, «Медиация ресурстық орталығы», «Виртуальды кеңістікте (VR) тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру» VR-кабинеті.

Оқу-әдістемелік жұмысты дамытып, заманауи оқу кабинеттері мен зертханалар ашуға ықпал еткен. Оның бастамасымен колледж «Жоғары медициналық колледж» статусына ие болды. Соңғы  10 жыл ішінде колледж  тарихында болған елеулі жаңалықтар,     колледждің толағай жетістіктері  Жамиля Нұрғалиқызының  есімімен тікелей байланысты: киелі оқу орнының мұражайы, “Рухани дамыту” орталығы, спорт алаңы, Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық орталығы, заманауи жабдықтармен жаcақталған пәндік кабинеттері (Смарт анатомия – 3D принтер (Сreatabble d3),  сенсорлы Led экран, интерактивті парта, Smart kapp, Смарт патанатомия- 3D -принтер – XYZ  da Vinci 1.0, интерактивті парта, 3 D очки,  Smart kapp, Смарт физиология – 3D қалам – Myriwell RP200B, интерактивті парта, планшет IT class), Симуляциялық орталық, «Адалдық алаңы» дүкені, «Денсаулық» жаттығу залы, «Coworking»  оқу  орталықтары, «Sanaly urpaq» студенттік клубы, «PULSE TV» телестудиясы және «Jasyl darihana» жылыжайы,  IT кабинеті, «Медиация ресурстық орталығы», «Виртуальды кеңістікте (VR) тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру» VR-кабинеті.

2019 жылы  Колледж  қайта ұйымдастырудың оңтайлы бағасын алып,  Жоғары колледж статусына ие болды.

Қазіргі таңда колледжде келесі мамандықтарды даярлайды:

  1. «Емдеу ісі» мамандығы бойынша біліктілігі «Фельдшер», «Акушер»;
  2. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша біліктілігі «Жалпы тәжірибедегі мейіргер», «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры», көзі көрмейтін мүгедектерге арналған «Массажист»;
  3. «Фармация» мамандығы бойынша біліктілігі «Фармацевт»;
  4. «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша біліктілігі «Медициналық зертханашы».