1-қазан «Қарттар күніне» орай, Жамбыл жоғары медициналық колледж директоры Ж.Н. Сарыбекованың қолдауымен заманауи үлгідегі асхананың ашылу рәсімі өтті

Без рубрики
Бөлісу
30.09.2021ж. 1-қазан «Қарттар күніне» орай, Жамбыл жоғары медициналық колледж директоры Ж.Н. Сарыбекованың қолдауымен заманауи үлгідегі асхананың ашылу рәсімі өтті. Қырғыстан Республикасы «Мейіргер ісі» мамандығының Ассоциациясы, мейіргер ісі бағдарламасының координаторы Султангазиева Аида Токтомушовна мен колледждің ардагер ұстазы, Тараз қаласы мен Байзақ ауданының Құрметті Азаматы Қоңырова Самиха Қоңырқызы асхананың салтанатты түрде лентасын қиды.
«№1 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері» ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен колледждің ардагер ұстаздарына арналған «Өр десек те сіздерді,- лайықсыздар. Төр десек те сіздерді,- лайықсыздар!» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара соңында колледждің Бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан ардагер ұстаздарға сыйлықтар тарту етілді.