28.05.25ж күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде “1-маусым – Балаларды қорғау күніне” орай қызметкерлердің балаларына арналған ерекше іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шара аясында “Менің ата-анамның жұмыс орны” атты танымдық саяхат-экскурсия өткізілді. Бұл шара барысында балалар колледж ішіндегі түрлі бөлімдермен танысып, ата-аналарының қызмет орнын көзбен көріп, дәрігерлік мамандықтың қыр-сырына қанықты. Балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, болашақ мамандыққа деген ынтасын арттырды.
Сонымен қатар, “Ата-ана бақылауы: құралдар мен кеңестер” тақырыбында психолог мамандардың қатысуымен балаларға арналған тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, балалардың логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылықтары дамытылды. Психолог мамандар ата-аналар мен балаларға пайдалы кеңестер беріп, өзара сенімді қарым-қатынас орнатудың жолдарын ұсынды.
Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтіп, ата-ана еңбегіне деген құрметті арттыратыны сөзсіз.