01.09.2023 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі 2023-2024 оқу жылы 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында салтанатты жиын өткізді. Салтанатты жиынды колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы жаңа қабылданған студенттерді құттықтау сөзімен ашып, студенттерді сапалы білім мен өнегелі тәрбие алуға шақырды. Салтанатты жиын қонағы Әділдік жолы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиал басшысы, Жамбыл адалдық алаңы жобалық кеңесінің жетекшісі Жұбандықова Назима Дәрменқызы қатысып, адалдық дәрісін оқыды және студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Салтанатты жиыннан кейін топ кураторлары жаңа қабылданған студенттерді колледждің тыныс-тіршілігімен таныстырып, тәрбие сағаттарын өткізді.