12.03.2025ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжі жатақханадағы студенттерге арнап ауызашар берді

Бөлісу

 

12.03.2025ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжі жатақханадағы студенттерге арнап ауызашар берді. Бұл игі іс-шара Рамазан айының рухани құндылықтарын насихаттап, студенттер арасында бірлік пен бауырмалдықты нығайту мақсатында өтті.

Ауызашар дастарқаны молшылық пен мейірімге толы болды. Студенттер бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, қасиетті айдың берекесін бірге сезінді. Осындай шаралар жастардың рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ортақ құндылықтарды бекемдеуге ықпал етеді.