12- мамыр Халықаралық мейіргерлер күні

Без рубрики
Бөлісу

13.05.2021 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі 12- мамыр Халықаралық мейіргерлер күні мерекесіне орай, ұжымның орта буын медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеп, Жамбыл жоғары медициналық колледж директоры Ж.Сарыбекова қызметкерлерді Құрмет грамотамен және Алғыс хатпен марапаттады. Мерекеге орай, “Мейіргер ісі” бөлімінің меңгерушісі З.Ескебекова мен “Мейіргер ісі” пәнінің оқытушысы А.Бахаева «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының Алтын Дипломымен марапатталды. Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының сыйлықтары ұсынылып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.