Жас мамандар мектебі

Без рубрики
Бөлісу

5.06.2020 ж жас мамандармен оn-line тәртібінде «Ұлағатты ұстаздардан үлгі аламыз!» атты қорытынды есеп беру кеші өтті.

Мақсаты: Жас оқытушылардың біліктілігін, жан-жақты өсу деңгейін байқау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу және белсенділігін арттыру және жас мамандар мектебінің жылдық жұмыс қорытындысын шығару. Кешті колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ашып, жас мамандарға сәттілік тіледі. Кеш ІІІ-бөлімнен тұрды: 1.1. «Озат тәжірибе-ортақ іс» ІІ.Жоғары топқа өтетін оқытушылардың есебі. ( 6 оқытушы) ІІІ. Жас мамандармен 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындысы. . Күн тәртібінде: І. 1. «Мейіргер ісі негіздері пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдері». Жауапты: Мукажанова Р.Ж. 1. 2. «Менің сүйікті ұстазым» химия пәні оқытушысы А.С.Ташмағанбетованың іс- тәжірибесінен : «Органикалық химияға шолу» ІІ. Жас мамандардың жұмыс қорытындылау: «Ұлағатты ұстаздан үлгі аламыз!!!» 2.1.«Мен не үйрендім»-жас оқытушылардың жыл бойы жүргізілген жұмыстары бойынша есебі. 2.2.«Мен маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім және оны қалай шештім» 2.3. «Менің кәсіби өсуімдегі тәлімгер көмегі » жас мамандардың пікірі. Ой бөлісу. ІІІ. Жас мамандармен 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындысы. 3.1. Жас оқытушының кәсіби өсу деңгейін анықтау мақсатында диагностика жүргізу.
Жас мамандар кешін колледж әдіскері Л.К.Батаева жүргізді.Өз іс –тәжірибелерімен Р.Ж.Мукажанова, А.С.Ташмағанбетовалар бөлісті.
Екінші бөлім жоғары топқа өтетін оқытушылардың есебі тыңдалды. Әдістемелік мектептен 6 оқытушы жоғары топқа жіберілгелі отырғаны айтылып, жоғары сатыға өтетін оқытушылардың есебі тыңдалды . Олар: «Мейірбике ісі негіздері» пәні оқытушысы Г.С.Токкулиева, «Гигиена, ТҚН» пәндерінің оқытушысы Н.А. Қасымов, психология пәні оқытушысы А.Б. Амангелдиева , «Ішкі аурулар» пәнінің оқытушысы А.К.Коконбаева, « Анатомия, физиология» пәндері оқытушысы Н.Б. Бердіш, «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы А.Р. Байбулекова .Жас мамандар презентация арқылы өздерінің үйренгендерін, атқарған жұмыстары , жетістіктері, кездескен қиындықтары жайлы айтты. . Үшінші бөлімде әдістемелік мектептің 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындысы жайлы колледж әдіскері Л.К.Батаева баяндады. Әдістемелік мектептің ұйымдастыруымен 5 –әдістемелік отырыс, 1 бейне-дәріс өткен. Семинар-тренинг, шебер класстар, панорамалық сабақтар, баяндамалар, кәсіби деңгейді анықтау мақсатында сауалнамалар, отырыс-кештер түрінде өткізілді.
№ Күні Тақырыбы
1-отырыс 6.09.2018 ж «Жас мамандарды кәсіптік бейімдеу»
2-отырыс 27.11.2019 ж «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы
оқытушының психологиялық-педагогикалық мәдениеті»
3-отырыс 22.01.2020 ж Озат тәжірибе. Панорамалық сабақ (практикалық сабақ)
№ 3 арнайы пәндер ЦӘК оқытушысы Ж.А.Тоқташева
4-отырыс 26.03 2020ж
6.04 .2020 ж 1.Әдістемелік дәріс: «Оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» 2. «Білім беру технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары»
5-отырыс 5.06.20ж «Ұлағатты ұстаздардан үлгі аламыз!»

Жас маманның кәсіптік қызметін өзі, тәлімгері, әкімшілік бес ұпайлық жүйе бойынша бағалау қортындысын оқу-әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова талдау жасады.Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова жас мамандарға сәттілік тілеп, тәлімгерлер мен өз тәжірибесімен бөліскен оқытушыларға Алғыс хат, қорытынды есеп беру кешінде мәнді шығармашылық жұмыс көрсеткені үшін 6 жас оқытушы Мақтау қағазымен марапатталды. Жас мамандар кеші жоғары деңгейде өтті.