Адамгершілікке жетелейтін, қоғамға қадам

Без рубрики
Бөлісу

12.10.2020ж. күні Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметттің Жамбыл облысы бойынша департаменті, “Жамбыл адалдық алаңы” жобалық офисімен бірлескен жоспарға сәйкес Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Адамгершілікке жетелейтін, қоғамға қадам» тақырыбында онлайн пікірсайыс турнирі өткізілді. Облыстық турнирге Жамбыл облысының жоғары және арнаулы орта оқу орындары: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің пікірсайысшылары қатысты.
Ойын ZOOM платформасында өтті. Ойын қорытындысы бойынша І орын- Қалисаева Алима мен Шадибек Аяжан (ТарМУ), ІІ орын-Мейірбекқызы Дильназ, Бейсеналиқызы Аяулым (Жамбыл жоғары политехникалық колледжі), ІІІ орын-Тлеумұратов Нұрдаулет,
Тоқберген Азамат (Жамбыл жоғары политехниалық колледжі) иеленсе, «Үздік талпыныс» – Жүсіпова Ұлдана, Амантаева Фариза, (Жамбыл жоғары медициналық колледжі) «Үздік төреші»-Серік Мұхаммеджан иеленді. Жеңімпаздарға Грамоталар мен Кубок беріледі.