Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімімен биылғы жылдан бастап күллі Түркі халықтарына ортақ болған «Наурыз мейрамын» тойлау жаңа форматта атап өтілуде.
Жамбыл жоғары медициналық колледжі мерекеге орай, әр атаулы күндерге байланысты іс-шаралар өткізуді бастады. 14.03.2024 ж. күні «Емдеу ісі», «Акушер ісі» бөлімінің ұйымдастырылуымен «14 наурыз -Көрісу күні», «Амал мерекесі» атап өтілді. Колледж фойесі ұлттық нақышта безендіріліп, көпшілікке арнап ұлттық тағамдар таратылды, осы күннің мән-мағынасы түсіндірілді. Сондай-ақ колледж директоры Ж.Н.Сарыбекованың басшылығымен Жамбыл облыстық жедел жәрдем стансасының ұжымын Наурыз мерекесімен құттықтап, тәттілер таратылды.