«15 мамыр – Халықаралық отбасы күні»

Без рубрики
Бөлісу

15.05.2023ж. күні «15 мамыр – Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Отбасы – аялы алақан мекені» атты іс-шараға Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 103, 106 топ студенттері қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, журналист, жазушы Күләш Ахметованың өмірі мен отбасы туралы іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын-журналист Қайырбек Асанов, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің аға оқытушысы, журналист Бақытжан Мақашев, Жамбыл ауданы Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Байкенова қонақ болды. Жастарға жазушының отбасын үлгі ете отырып, отбасы құндылықтары туралы айтылды.