«Баршаңызды 15 наурыз — Қайырымдылық күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн — мейірімділік пен адамгершіліктің, өзара қолдаудың айқын көрінісі. Әрбір жасаған игі істеріңіз еселеніп қайтсын. Елімізде жанашыр жандар көбейіп, бірлігіміз бекем болсын!» Халқымыз ежелден мейірім мен жанашырлықты, өзара көмек пен бауырмалдықты қадірлеген. Бүгінгі мереке — қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтудың, айналамызға қамқорлық танытудың символы. Мейірімділік пен игі істер еліміздің гүлденуіне септігін тигізе берсін. Әрбір шаңыраққа амандық, береке және жылулық тілейміз!
Жауапты: «Емдеу ісі» бөлімі кураторлары. Бөлім меңгерушісі: Саурбаева Лаура Бековна
