16.11.2018 күні «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі болашақ талапкерлерді Университеттердің мамандықтары және бағыттарымен таныстыру, оқытудың және одан әрі жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері мен перспективаларын анықтау мақсатында «Алтын мұрагер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру мекемелеріне арналған Білім жәрмеңкесін» өткізді. Аталмыш жәрмеңкеге колледждің жастардың кәсіптік білім алуына кәсіби бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыру маманы Л.А Артықова және оқытушылар Ералиев М.Л, Джантасова Р.О, Джунисбекова С.Ш, Абилова А.Е. жетекшілігімен 411, 423, 426 топтардан 80 студент белсене қатысты. Жәрмеңке Тараз қаласы, Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өткізілді. Студенттеріміз бұл жәрмеңкеде еліміздің түкпір-түкпіріндегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен, мамандықтар тізімімен танысты. Жәрмеңкеге қатысу нәтижесінде біршама болашақ түлегіміз алдына нақты мақсат қоюына жәрдемдескені сөзсіз.