Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Наурызнама» онкүндігінің үшінші күні «16 наурыз-Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрлер күні» мерекесі! Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады. Осы мақсатта Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Мәдениет пен ұлттық салт дәстүрлер күні» тақырыбында «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Л.Б.Саурбаеваның және топ кураторлары мен студенттерінің ұйымдастыруымен қыз тәрбиесіне байланысты көрініс көрсетілді.
«Қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қызды әрқашан да қонақ деп, төрге отырғызған. Ол ешуақытта өз әке-шешесінің үйінде төменге отырмаған. Себебі қыз төрге отырса, байимыз, құтымыз өзімізде болады деген сенім болған. Қыз – жат жұрттық. Өскеннен кейін ұзатылып, басқа босағаға баратын болғаннан кейін, қызға, қыздың тәрбиесіне кішкентай кезінен үлкен мән берген.