«17 қараша-Халықаралық студенттер күні»

Бөлісу

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету маңызды мәселе екені айтылған. Ел Президенті тапсырмасы аясында жеке кәсіпкер Амангелдиев Нұрғали Сәрсенбекұлы мен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевнаның арасындағы Меморандум бойынша 300 орындық жаңа жатақхана бой көтеріп, қыркүйек айында пайдалануға берілген.
16.11.2023 ж. «17 қараша-Халықаралық студенттер күні» қарсаңында жаңа жатақхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге арнайы шақырылған Денсаулық сақтау саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы Аширбаева Тұрсынкүл Ильясовна, «Сенім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Момбекова Гүлмайра Асановна, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна және «Нұрбанк» АҚ директоры Иловская Оксана Львовналар құттықтау сөз сөйлеп, жатақхана лентасын қиды.
Заманауи үлгіде жабдықталған жатақханамен танысып шыққан қонақтар Нұрғали Сәрсенбекұлына ризашылық білдіріп, арнайы әкелген сыйлықтарын тапсырды.