Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» ерекше салт-дәстүр болған. Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар. Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ күнінде» колледж студенттеріне жалпыұлттық отбасылық құндылықтарды, сыйластық пен кіршіксіз махаббатты дәріптеуді үйрету мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің “Мейіргер ісі” бөлімінің меңгерушісі С.Г. Бибосынова, топ кураторлары мен студенттерінің қатысуымен Наурыз мерекесі тойланып, “Беташар” рәсімі өтті.





