19.03.2024 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Наурызнама» онкүндігінің алтыншы күні «Өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай тал отырғызу дәстүрі колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевнаның бастамасымен, «Мейіргер ісі» бөлім меңгерушісі Ескебекова З.С. және бөлім кураторларының ұйымдастыруымен өткізілді. Колледж аумағына әкімшілік мүшелері, қызметкерлер түрлі жеміс ағаштарын отырғызды. Сонымен қатар «Біріккен медицина жастары» ұйымы және 207 М-9/22 топ студенттері колледж аумағын тазартып, ағаштарды ақтады. Бұл іс-шараның мақсаты: табиғатқа, туған өлкеге және ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Бұл мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Отырғызылған ағаштардың жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар, алға қойған мақсаттар жемісін беріп, адамзаттың өркендеуіне жетелейді.