«20 наурыз – Ұлттық спорт күніне»

Без рубрики
Бөлісу

19.03.2024 ж. «20 наурыз – Ұлттық спорт күніне» орай Жамбыл жоғары медициналық колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевнаның бастамасымен, «Емдеу ісі», «Зертханалық диагностика» бөлімдерінің меңгерушісі Л.Б. Саурбаева және бөлім кураторларының ұйымдастыруымен қызметкерлер мен студенттерге арналған «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» тақырыбында ұлттық ойындар жарысы өткізілді, жарыс асық ату, ләңгі тебу, қол күрес, арқан тарту, қой көтеру спорттық ойындар түрлерімен жалғасын тапты. Қатысушыларға күш-қуат алу мақсатында дәрумендерге бай айран таратылды. Іс-шараның мақсаты: ұлттық ойындарды қолдау, дамыту; студенттердің танымдық-қозғалыс белсенділіктерін арттыру; салауатты өмір салтына баулу; студенттер арасында ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарды дәріптеу; Жарысқа ұлдардан жасақталған командалар қатысты. Жарыс өз мәресіне жетіп, әр команда алғыс хаттармен марапатталды.
Жарыстың қорытындысы:
1. 229ЛФ-9/22 топ, «Арлан» командасы – І орын иегері;
2. 227ЕФ-9/22 топ, «Жалын» командасы – ІІ орын иегері;
3. 216ЕФ-9/22 топ, «Қыран» командасы – ІІІ орын иегері;
4. 221ЕФ-9/22 топ студенті Е.Еркінбек «Ер мінезді өр тұлға» номинациясымен;
5. 229ЛФ-9/22 топ студенті А.Қолдас «Жүзден жүйрік» номинациясымен;
6. Қалған қатысушы командалар белсенділік танытқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/C5FYGsRvkLF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==