2020 – 2021 оқу жылының ІІ жартыжылдығы мен 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен міндеттері туралы есеп

Без рубрики
Бөлісу
25.01.2022 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы 2021 жылдың қортындысы бойынша медициналық кеңестерді өткізу кестесіне сәйкес Жамбыл жоғары медициналық колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова 2020 – 2021 оқу жылының ІІ жартыжылдығы мен 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен міндеттері туралы есеп берді.Есеп беру жиналысына денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Х.С.Мурзакасымов және колледж оқытушыларықатысты.
Колледждегі білім алушылар контингенті Ұлттық білімдік деректор қорына қыркүйек айында енгізілген мәлімет бойынша 2529 студент тіркелген, оның ішінде 1234 студент – мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алуда. Колледж 5 мамандық,7 біліктілік бойынша 109 топқа білім беруде, 589 түлек шығарылады. Колледжде 221 қызметкер, оның ішінде 134 оқытушылар, олардың 30 жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар дәрігерлер, оқытушылар құрамы 100% жоғары білімді. Кәсіптік бағдар беру және түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша 354 түлек жұмыспен қамтылған, ол 60% құрады. Сабаққа қатысуы 98,5% , орташа балл 3,8,білім сапасы 78,4%, үлгерімі-100%. 2019-2020 оқу жылындағы бітіруші түлектердің Тәуелсіз ұлттық тестілеу қорытындысы 97,7% құрағанын және әр мамандық бойынша көрсеткіштер туралы толық ақпарат берілді. Кәсіптік практика өту үшін 47 емдеу мекемелерімен келісім-шарт арқылы жұмыс жүргізілуде екенін айтып өтті. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінде 971 тыңдаушы циклдардан өткендігі баяндалды.
Колледждегі оқу үрдісінің цифрландыруы, 300 компьютерлік техника бар екендігіне тоқталып өтті. ✔️
Жамилия Нургалиевна өз есебінде кәсіптік практиканы өткізу барысына, Дуальдық оқыту, әлеуметтік серіктестік бойынша, қаржыландыруы , колледждің материалдық – техникалық базасы, колледждің кітапхана қорына, оқытушылар жетістіктері мен тәрбие жұмысына, студенттер жетістіктеріне, халықаралық ынтымақтастық, колледж жетістіктеріне, білім беру қызметтерінің сапасын бағалау индикаторы бойынша, колледждің даму стратегиялары мен өзекті мәселелерге тоқталды. Колледж қашықтықтан оқытуды «Mirapolis virtual room» http://dhmc-zhambyl.kz платформасында жүргізілуде.
Жалғасы⬇
zhmk_zhambyl.kz
Баяндамашы колледждің материалдық-техникалық базасы, кабинеттер саны, клиникалық базадағы кабинеттер саны, кітапхана қоры – 109409 оқулықтардан тұратындығы, тәрбие жұмысының 8 бағыты бойынша атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет берді. Сонымен қатар, колледж оқытушылары мен студенттерінің жетістіктері айтылды. Жастардың кәсіптегі шеберлігін анықтайтын «WorldSkills Kazakhstan -2021» республикалық чемпионатында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша колледж түлегі Сүйінбекұлы Кәрімнің 1-орын алтын жүлде иегері болғандығын мақтанышпен айтты.
Есеп соңында денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Х.С.Мурзакасымов Жамбыл жоғары медициналық колледжіндегі атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді, денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан түрлі іс-шараларға әрдайым белсенділік танытатын және Жамбыл облысындағы орта медицина мамандарын даярлауда жоғары сұранысқа ие оқу орны екенін атап өтті. Алдағы уақыттарда болашақ мамандарға сапалы білім берілуін, олардың жұмысқа қамтылуын, жеке-меншік медицина емдеу ұйымдарынан, клиникаларынан орта буын мамандарына сұраныстар алу жұмысын жандандыру, колледждің үлкен қарқынды дамуына жұмыстардың ары қарай жүргізілу қажет екенін атап айтты. Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова колледж ұжымы жоғарыда айтылған тілектерді орындауға, орта буын медицина мамандарына сапалы білім беру жолында аянбай еңбек ететінін айтты.