Жамбыл жоғары медициналық колледжі 2024-2025 оқу жылының алғашқы білім күніне арналған «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!» тақырыбында салтанатты жиынын өткізді. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан басталып, колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызының құттықтауымен жалғасты. Жиынға арнайы шақырылған Тараз қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ КТІЖ УИП полиция капитаны Убайдуллаев Султан Есенбекович тәртіп пен адалдық дәрісін оқыса, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Ляззат Тураровна жаңа түскен топтарға оқу процесі мен кестесін және топ кураторларын таныстырып өтті. Іс-шараға Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясынан келген әнші Шәріпханова Гүлжан студенттерді білім күнімен құттықтап, әсем әндерін тарту етті.