«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы»

Бөлісу

 

Мемлекет басшысы  Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы даму кезеңіне байланысты ел алдына көптеген жаңа міндет қойды. Әсіресе, Президент еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екенін айтты. Сондықтан, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл шешім ел экономикасының дамуында жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Мемлекет басшысының бастамасы – жастарды жұмысшы мамандықтарға бағыттау, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қоғамның осы салаларға көзқарасын жақсарту үшін жасалған нақты қадам.

Жұмысшы мамандықтарды насихаттау және олардың мәртебесін көтеру жолында  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының»  ұйымдастыруымен 03 наурыз 2025 жылы Облыс колледждері мен серіктестер арасында  «2025 жыл-Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбында еңбек форумы өтті. Форумда Жамбыл жоғары медициналық колледжі көрме ұйымдастырып, оқу орнының жұмыс барысымен таныстырды. Іс-шара барысында колледж студенттері сабақта қолданылатын 3D қалам арқылы ішкі мүшелердің құрылысын бейнелеу, 3D көзілдірігін пайдаланып, адам ағзасының қызметін бақылау, 3D принтер, Пирогов, 3D ARADEMIKS  үстелдердің  қолдану барысы мен мүмкіншіліктері түсіндірілді. Сондай-ақ,  көрмеде 2006 жылы құрылған  «Super-pharm» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұйымдары таныстырылды. 2011 жылдан бастап зауыт стерильді бір реттік 300-ден  астам медициналық бұйымдарды шығара бастаған. Аталмыш бұйымдар студенттердің  мемлекеттік емтихандарында, тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру барысында сабақтарда кеңінен пайдалануда. Кәсіби байқаулар мен ауқымды іс-шараларда   колледжге демеушілік жасап, бұйымдарымен қамтамасыз етеді.

Өткізілген іс-шара өңіріміздің  техникалық және кәсіптік білім беруі саласына жаңа серпін беріп қана қоймай, жұмысшы мамандығының беделін де көтерді.