«Единство народа – несокрушимая крепость»

Бөлісу

28.04.2023 ж. «Единство народа – несокрушимая крепость» тақырыбында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде, фармацевтикалық пәндер оқытушысы – Советбек Жания Талғатқызы 150Ф-11/22 (151Ф-11/22, 152Ф-11/22) тобымен ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлтаралық сыйластықты нығайыту. Осы іс-шараға арнайы қонақтар шақырылды: Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» бөлімінің жетекші сарапшысы – Рахат Ерханұлы және РОО «Ассамблея жастарының» мүшесі және болгар ұлтының өкілі – Айдаралы Алина. Іс-шара Жамбыл жоғары медицина колледжнің директоры – Сарыбекова Жамиля Нургалиевнаның сөзімен басталып, қонақтарымыздың жылы лебіздері мен арнайы алып келген ән шашуымен жалғасты. Мерекелік іс шара барысында түрлі ұлттар өнер көрсетті: орыс, әзірбайжан, татар, күрді, өзбек, грузин және қазақ. Әр ұлт өз тілінде тілегін айтып, ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.