«31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу»

Бөлісу

«31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күні
31.05.2024 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 208 М-9/22 топ студенттерімен
«31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» атты интеллектуалды сабақ өткізілді.
Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1921-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, арманда өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы.