«Закладка» фильмі

Без рубрики
Бөлісу

02.12.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде тәрбие бөлімі,  Наркобекет жетекшісі Реймбаева С.М.  және де әлеуметтік педагог Буксукбаева А. А. мен колледж психологтарының ұйымдастыруымен «Закладка» бейнефильмі 1 курс студенттерінің назарына ұсынылды.

Синтетикалық есірткілер Қазақстан үшін ең ауыр қауіптердің бірі болып табылады. Есірткі тұтынатындардың денсаулығына ауыр зардаптармен қоса, есірткі қылмыстың күрт өсуіне әкеледі. Соңғы жылдары нашақорлар мен есірткіге байланысты қылмыстар саны айтарлықтай өсті. Әсіресе, кәмелетке толмаған наркокурьерлердің көбеюі алаңдатады. Әлеуметтік желілер арқылы жас жігіттер мен қыздарға, оның ішінде жасөспірімдерге тәжірибе мен арнайы дағдыларды қажет етпейтін «жалақысы жоғары» жұмыс орындары ұсынылады. Олар көбінесе Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымы үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын түсінбейді. Қазақстан түрмелері есірткі саудасы үшін сотталғандармен тез толып жатыр.

Ресми деректерге сәйкес, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде есірткіні таратқан, сақтаған және өндіргені үшін сотталған 4,3 мыңға жуық адам бар. Соңғы екі жылда есірткі саудасы үшін сотталғандардың саны 30 пайызға артқан. Неліктен қазақстандық жастар есірткі бизнесіне көбірек тартылуда және бұл олардың өміріне қандай салдары бар? Осы жайлы фильмде толық айтылған!

 

Жауапты: Наркобекет жетекшісі: Реймбаева С.М.