«Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негіздері» тақырыбында  спикерлермен  кездесу

Бөлісу

2025 жылдың 8 желтоқсанында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негіздері» тақырыбында өтті.
Кездесу қонақтары: Төлендиев Қасымхан Естемесұлы «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалыс» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры, кеңес мүшесі; Омаров Ерғали Жұмағалиұлы – облыстық партия филиалының  Партиялық бақылау жөніндегі инспекторы; «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Әбуғали Ерғали Рүстемұлы.  Іс-шара колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызының алғы сөзімен басталып, Қасымхан Естемесұлының мемлекеттің дамуында сыбайлас жемқорлыққа әрбір азаматтың қарсы тұруының қаншалықты маңызды екенін түсіндіруімен жалғасты. Ерғали Рүстемұлы жастарға әр күнін дұрыс жоспарлау арқылы үлкен жетістіктерге жетелейтін мемлекеттік бағдарламаларды таныстырды. Кездесу соңында колледж директоры Жамиля Нұрғалиқызы іс-шара спикерлеріне алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

 

#АдалАзамат