4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі құтты болсын!

Без рубрики
Бөлісу

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР және ЖАМБЫЛ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҰЖЫМЫ, СТУДЕНТТЕРІ, АТА-АНАЛАР!
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі құтты болсын! Елтаңба, Ту мен Гимн – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты нышандары.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз. Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын! Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.
Тәуелсіз еліміздің көк Туы аспанымызда желбірей берсін!