7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің
№1 жалпы кәсіптік пәндер оқытушылары бастамасымен, колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, ұжымның ер азаматтарын «Меркі» демалыс орнына, табиғат аясында демалыс ұйымдастыру арқылы құттықтап, керемет көңіл күй сыйлады. Табиғат аясында дене шынықтыру және сауықтыру мақсатында спортпен шұғылданып, әр түрлі жарыстар өткізілді. Ер азаматтар өлең шумақтарымен әрленген Алғыс хаттармен марапатталды.