8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай “Бәрінен де сен сұлу!” атты “түрлі-түсті кеш”

Бөлісу

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай “Бәрінен де сен сұлу!” атты “түрлі-түсті кеш” форматында мерекелік бағдарламасын №3 Жалпы білім беру жалпы ізгілендіру ЦӘК оқытушылары және колледж ер азаматтары ұйымдастырып өткізді. ЦӘК төрайымы: Досжанова М.Т.
Кеш бағдарламасында ЦӘК оқытушылары мен колледж қызметкерлеріне арнайы берілген түсте киініп және өз түсіндегі тағамдарды дайындап, командасын қорғап шықты.
Кеш қорытындысы бойынша БАС ЖҮЛДЕ – әкімшілік мүшелері, 1 орынды- IT мамандары мен колледж қызметкерлері, 2 орынды- №1 жалпы білім беру және ізгілендіру пәндері ЦӘК, 3 орынды- №1 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері ЦӘК иеленді.
JUST DANCE би конкурсында жеңімпаз атанған – химия пәнінің оқытушысы Жунисова Қ.Қ.
Мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында таңертең ЖЖМК бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен колледж ер азаматтары әйелдер қауымына гүл шоқтарын ұсынды.