Құрметті Жамбыл медициналық колледжінің ханымдары , Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен ыстық ықыласпен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз және ұлағатты ұстаздарымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп, әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді. Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін! №4 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндер ЦӘК ұйымдастыруымен «Қыздар-ай» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны колледж ардагері С.Қ.Қоңырова және директоры Ж.Н.Сарыбекова барша әйелдер қауымын мерекемен шын жүректен құттықтау сөздерімен ашты. Сонымен қатар колледж ұжымын А.М.Арынғазина және Т.В.Рудяк мерекемен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі. Іс-шарада әсем ән шырқалып, би биленді. Колледж ұжымы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.