«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жылдық жоспарына сәйкес Жамбыл жоғары медициналық колледжі базасында 11 ақпанда “Репродуктивтік және менталдық денсаулық” бағыты бойынша “Репродуктивтік және менталдық денсаулық – болашақтың негізі» тақырыбында бірыңғай ақпараттық сабақ өткізілді. Колледж директоры Сарыбекова Ж.Н. әйелдер, қыздар қауымын тақырыптың маңыздылығымен, жасөспірімдердің менталдық денсаулығы жайлы түсінік беріп кетті. Колледждің бөлім меңгерушісі, акушер-гинеколог дәрігер Махатова А.Б. тыңдаушыларды ақпараттық сабақ барысында
келесі мәселелермен таныстырды:
1. Репродуктивтік денсаулық туралы түсінік және оның маңыздылығы.
2. Жасөспірімдердің менталдық денсаулығы және ата-ананың рөлі.
3. Ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу.
4. Отбасындағы ашық қарым-қатынастың маңызы.
Баяндамашы репродуктивтік денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, жасөспірім кезеңіндегі физиологиялық өзгерістер туралы түсіндірді. Ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу жолдарын атап өтті.
Сонымен қатар әлеуметтік педагог А.А. Буксукбаева менталдық денсаулықтың маңыздылығы, күйзеліс, мазасыздық, агрессия белгілерін ерте анықтау жолдары айтылды. Ата-аналарға балаларымен сенімді қарым-қатынас орнату, қолдау көрсету және қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Ерте жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Аналар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.



