«Аңсаған сәби» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Без рубрики
Бөлісу

15.03.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде №1 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушылары А.К. Коконбаева, Ұ.Е.Дүйсембаева, және А.Б. Махатованың ұйымдастыруымен «Аңсаған сәби» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Мақсаты: семинарға қатысушыларға эмбриологиялық аспектілерді, қолданылатын технологиялар мен емдеу әдістерін қоса алғанда, экстракорпоральды ұрықтандырудың (ЭКҰ) негізгі принциптері мен процедуралары туралы терең түсінік беру;
Семинарға қатысушыларға диагностиканы, процедураға дайындықты, процедураның өзін орындауды және пациенттерге күтім жасауды қоса алғанда, медициналық практикада ЭКҰ процедураларын тиімді жүргізу үшін қажетті дағдылар мен білім беру;
Семинар қонақтары:
1. Терликбаева Айжан Рахимжановна Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала денсаулығын қорғау» бөлімінің басшысы
2. Аймұрзаева Гүлмира Сұлтанқызы «Ecomed» клиникасының бас дәрігері
3. Аширбаева Гульзада Абайқызы, «Эскулап» медициналық орталығы, бас дәрігерінің орынбасары.