Жамбыл жоғары медициналық колледжінде №1 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушылары А.К. Коконбаева, Ұ. Е. Дүйсембаева, және А. Б. Махатованың ұйымдастыруымен «Аңсаған сәби» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар қонақтары:
1. Терликбаева Айжан Рахимжановна Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала денсаулығын қорғау» бөлімінің басшысы
2. Аймұрзаева Гүлмира Сұлтанқызы «Ecomed» клиникасының бас дәрігері
3. Аширбаева Гульзада Абайқызы, «Эскулап» медициналық орталығы, бас дәрігерінің орынбасары.
Семинарға қатысушыларға эмбриологиялық аспектілерді, қолданылатын технологиялар мен емдеу әдістерін қоса алғанда, экстракорпоральды ұрықтандырудың (ЭКҰ) негізгі принциптері мен процедуралары туралы терең түсінік берілді; ЭКҰ көрсеткіштері, ЭКҰ процедурасына дайындық және орындау туралы мағлұмат алынды.
Терликбаева А. Р. Жамбыл облысы бойынша экстракорпоральды ұрықтандырудың статистикалық мәліметтері мен ЭКҰ бағдарламасына қатысу жайлы түсіндірді; Аймұрзаева Г. С. экстракорпоральды ұрықтандырудың тарихы, ҚР бағдарламалар жайлы және қатысушылардың бірнеше сұрақтарына жауап берді.