26.11.2024 ж. № 3 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясысының оқытушысы Бейсенбек Ш.Ж. 214 ЕФ-9/23 «Емдеу ісі», «Фельдшер» тобымен «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен «Қабылдау бөлімінің құрылымы мен негізгі қызметтері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерге қабылдау бөлімінің құрылымы, қабылдау бөлімі мейіргерінің міндеттерін түсіндіру.
Қабылдау бөліміндегі пациенттердің ауруханаға түсу жолдарын: триаж жүйесі бойынша пациенттерді іріктеу және медициналық құжаттармен жұмыс жүргізуді үйрету.
Пациенттерге антропометриялық өлшемдерді: дене салмағын, бой өлшемін, жүргізуді үйрету.
Педикулез анықталған кезде санитарлық тазартудың іс –әрекет дағдыларын үйрету.
Пациенттерді емдеу бөлімшелеріне тасымалдау түрлерін, кресло-каталкамен, каталкамен тасмалдауды үйрету.
Сабақ жақсы деңгейде өтті.