«Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Бөлісу

02.09.2024 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 117ЕФ-9/24 топ студенттерімен, «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Гимнін орындалудан басталды. Топ кураторы: Оскенбаева сөз алып, Ш.Уалихановтың қанатты сөзімен бастады, «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» сөзінің мәнін ашып, түсіндірді. Тәрбие сағатында, студенттер өз ойларымен бөлісіп, «Адалдық» сөзін жан-жақты аша білді. Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.
Топ кураторы: Оскенбаева А.Н.

https://www.instagram.com/p/C_clvB_Ir-6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==