«Адал Азамат»-«Қыркүйек-еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік айы»-Білім күні. Бейбітшілік күні!

Бөлісу

02.09.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі  2025-2026 оқу жылының 1 қыркүйек-білім күніне арналған «Білім күні. Бейбітшілік күні!» тақырыбында салтанатты жиын өткізді. Жиын колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызының құттықтау сөзімен басталып, арнайы қонаққа шақырылған Тараз қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ КТІЖ УИП полиция капитаны Убайдуллаев Султан Есенбековичтің студенттерге арналған  тәртіп пен адалдық тақырыбындағы дәріспен жалғасты. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Ляззат Тураровна жаңа түскен топтарға оқу процесі мен сабақ кестесін таныстырып өтті. Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясынан Гүлназ Мамыраемова мен Қайсар Көкішов арнайы келіп  әсем әндерімен студенттерді шабыттандырды.

Студенттік Парламент төрағасы мен ұйым басшылары жаңа келген студенттерге сәттілік тілей отырып, қоғамның белсенді, білімді, адал азаматы болуға шақырды.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ұжымы, ата-аналары, студенттері! Жаңа оқу жылы құтты болсын! Қадамы нық, ойы жүйелі, жүрегі мейірімге толы мамандар қалыптассын!