26.04. 2023 ж. «Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді» тақырыбында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде , №3 арнайы пәндер ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен адалдық сағаты өткізілді.
Адалдық сағатының басты мақсаты: Қазақстан медицинасының дамуына зор үлесін қосқан ұлы тұлғалармен студенттердің кездесуі. Ұлы тұлғалардың өмір жолдары, атқарған еңбектері арқылы студенттерді, Қазақстанның болашағына үлесін қосатын білімді де ізденімпаз, заман талабына сай жан-жақты дамыған маман иесі болуға тәрбиелеу.Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелей отырып, өз мамандығына деген сүйіспеншіліктерін, ұжымға, қоғамға, Отанға адалдықтарын, еңбекке, өз міндеттеріне жауапкершіліктерін қалыптастыру. Болашақ маманның негізгі қызметімен, даму перспективалары, қазіргі жас мамандарға қоятын талаптарымен танысу.
«Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді» тақырыбында кездесуді алғы сөзбен «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» директоры Ж .Н.Сарыбекова қонақтарды таныстырып, ашты.
«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында №3арнайы пәндер ЦӘК төрайымы Парманова А.Т. баяндама оқылды.
Кездесу кешіне шақырылған қонақтар : Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Медициналық-профилактикалық академиясының толық мүшесі, КСРО-ның еңбек сіңірген дәрігері, Қырғыз КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-зерттеу клиникалық орталығы директоры Жошыбаев Сейітхан Жошыбайұлы. Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-зерттеу клиникалық орталығы директордың кеңесшісі, Медицина ғылымдарының докторы, профессор Тулебеков Бейсенбай Тулебекович.
ҚР на ерен еңбегін сіңірген дәрігері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын дәрігер», Гиппократ орденінің иегері, медицина ғылымдарының кандидаты Саурбаев Төленбек Қамбарбекович.
Кездесуге шақырылған қонақтарға сөз беріліп , студенттер арасындағы пікір алмасу болып, студенттер көптеген ақпараттар алып, кездесу кеші өз деңгейінде, қызықты өтті.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі.