18.03.2022ж. тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» тақырыбында №1 ЦӘК Жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы Септесін Г.Қ. дәріс оқыды.
Дәрістің мақсаты: Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, оңай пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
«Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» сыбайлас жемқорлыққа қарсы апталығын өткізу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті оқытушыларымен бірлесіп отыра жас ұрпаққа адалдықтың маңызы, жемқорлықтың түрлері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл түрлері, алдын алу шараларын түсіндіру мақсатында Қасымов Н.А. “Жемқорлық ” тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, студенттермен талқыланды. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Айдабосынова Ж.Н. жемқорлықтың әкелетін зардаптары жайлы мағлұмат беріп, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Келесі кезекте М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдар магистрі Қадірқұлов А.Ж. студенттерге бүгінгі тақырып бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, іс – шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, ақпараттық деңгейін арттыру мақсатында парақшалар таратылды