«Ахмет Байтұрсынұлы – тіл мұрасы» республикалық колледжаралық байқау

Бөлісу

3.10.2023 ж. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-25 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бағдарламасын» іске асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы және Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл мұрасы» атты медициналық 1-2 курс, өзге ұлт студенттері арасында республикалық колледжаралық байқау өткізілді.
«Ахмет Байтұрсынұлы – тіл мұрасы» атты республикалық байқауды ашып беру үшін алғашқы сөзді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің әкімшілік департаменті мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы Бәкірова Назгүл Серікқызына берілді, сонымен қатар «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі «Жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Момбекова Гульмайра Асанқызы сөз кезегін алып, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі. Байқау 3 кезеңнен тұрды және Қазақстанның әр қаласынан келген 9 студент қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» Мамедов Мамед Мустафаевич 1 орын иеленсе, Шымкент қаласы, «Шымкент жоғары медициналық колледжі» Чжен Тамирис Сергеевна 2 орын, Түркістан қаласы, «Түркістан жоғары медициналық колледжі» Бекова Надра Фахритдинқызы және Алматы қаласы, Алмалы ауданы, «Интердент» колледжі Имитова Ясмина Пархатжановна 3 орынды иеленді. Өзге байқау қатысушылары ынталандыру сыйлықтары және алғыс хаттармен марапатталды.
Жауаптылар: №1 жалпы білім беру және ізгілендіру пәндері ЦӘК төрайымы Абдраимова және оқутышылары