Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі.
2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Запастағы аға лейтенант.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жұмыс істеуде.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы қызметін атқарады. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының мазмұны мен түрі:
- Колледждегі топтар бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жағдайы туралы мәселенің қаралуы.
- Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің колледждің ішкі тәртіп ережесін, Жарғысын бұзуы және қоғамға қарсы әрекеттері мәселесін қарау.
- Білім алушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы даулы, шиеленісті жағдайларды шешу.
- Балаларына дұрыс тәрбие бермейтін және одан бас тартатын ата-аналар немесе оларды ауыстыратын заңды тұлғалармен түзету жұмыстарын жүргізу.
- Құқық қорғау және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлерімен тұрақты өзара байланысты сақтау. Аталған органдардың қызметкерлерін Кеңестің отырысына шақыру. Отырысқа шығарылатын мәселелер бойынша аталған органдардан шығатын құжаттарды талқылау және қарастыру.
Басты міндеттері:
- Ішкі істер бөлімімен бірлесе жұмыс істеу;
- колледждің білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарының нәтижелігін арттыруға көмектесу;
- Қауіпті топтарға жататын білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу;
- Кеңестің отырысына әрбір білім алушының жеке ісі бойынша оның ата-анасын немесе оны ауыстыратын заңды тұлғаны шақыру;
- Мұғалімдер ұжымына немесе ата-аналарға арналған кеңес беру –ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
- Қабылданған шешімідердің орындалуын бақылау;
- Өз қызметіне талдау жасау, оның нәтижесі бойынша жылына 1 рет педкеңесте сөз сөйлеу.