15 наурыз- Қайырымдылық күні құтты болсын!
Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен татулыққа шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қонақжайлылық көрсету- халқымыздың қанында бар асыл қасиет. Қайырымдылық қасиетін жастардың бойына сіңіру мақсатында , Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Қайырымдылық-қадірлі іс» тақырыбында «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Калымбетованың, топ кураторларының және І курс студенттерінің ұйымдастыруымен жәрмеңке өткізілді.