Директор

Сарыбекова Жамиля Нургалиевна – Жамбыл Жоғары Медициналық Колледжінің директоры.
1968 жылы 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка селосында ұстаздар отбасында дүниеге келген.
1975 жылы Жамбыл қаласындағы А.Сұхамбаев атындағы №25 орта мектепке барып, оны 1985 жылы бітірді.
1985 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсті.
1991 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын «Балалар дәрігері» мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары медициналық.
Еңбек жолын 1991-1994 жылдары аралығында Алматы облыстық балалар ауруханасында балалар дәрігері қызметінен бастаған.
1994-1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, «Бірінші мамыр» ауылында №2 балалар үйінде педиатр қызметін атқарды.
1995-1998 жылдары Шымкент қаласындағы №3 қалалық балалар емханасында учаскелік балалар дәрігері болып жұмыс атқарды.
Жамбыл медициналық колледжіндегі еңбек жолын 1998 жылы анатомия пәнінің оқытушысы болып бастады.
1999-2003 жылдары «Қалыпты анатомия» кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2003-2004 жылдары №1 жалпы кәсіптік пәндер циклдік әдістемелік комиссия төрайымы болып тағайындалды.
2005 жылдан бастап колледж әдіскері, колледждің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.
2013-2016 жылдар аралығында директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарының қызметін атқарды.
2016 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл медициналық колледжі директорының лауазымдық қызметін атқаруда.
Облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен, облыстық «Нұр Отан» ХДП-ның Грамотасымен денсаулық сақтау Министірінің Алғыс хатымен марапатталған. Тұрмыс құрған, 4 баласы бар.

   Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекованың жетістіктері:

  • Ұлттық бизнес рейтингі бойынша «Жыл маманы»  ордені
  • «Білімнің дамуына қосқан үлесі» үшін медальі
  • «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» медальі
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальі
  • 2019ж. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
  • 2019 ж. «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі