Мамандығы: 09130200 – «Акушерлік іс»
Біліктілігі: 4S09130201 – «Акушер»
Оқу түрі: күндізгі
Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында
09130200 – «Акушерлік іс» біліктілігі 4S09130201 – «Акушер» түлектеріне қойылатын базалық және бейіндік құзыреттер
-Өзін-өзі дамыту бағытында оқуды ұзақ мерзімді жоспарлау, кәсіби өсу дағдыларын меңгереді.
-Сыни ойлау және шешім қабылдау: мәселелерді және ықтимал шешу жолдарын анықтайды, гипотезаны тексереді және оқиғалардың ықтималдығын бағалайды, тиісті қорытынды жасайды.
-Ақпаратты басқару бағытында: ақпаратқа қажеттілікті, ақпараттық іздестірудің басым бағыттарын анықтайды, әртүрлі көздерден алынған ақпаратты өз бетінше табады және сыни бағалайды, алынған ақпаратты практикада жариялайды және қолданады.
-Компьютерлік технологиялар бағытында: жұмыста және өзін-өзі дамытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданады.
-Қоғамдық өмірде: қоғамдық өмірге белсенді қатысады.
-Этикалық принциптер бағытында: кәсіби этикалық принциптерге бейілділігін көрсетеді.
-Эстетика бағытында: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды.
-Коммуникативтік дағдылар бағытында: жағдайды ескере отырып, әртүрлі адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді
-Топта жұмыс істеу: әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсетеді
-Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады.
-Салауатты өмір салты: индивидуумдарда, отбасыларда және халық топтарында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
-Бақылау: әртүрлі қауіп тобындағы пациенттер мен адамдарды тиімді бақылауды жүзеге асырады.
-Кеңес беру: пациентке / клиентке және оның отбасына денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша кеңес беру дағдыларын меңгерген.
-Зиянды факторлардан қорғау: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады.
-Қауіпсіздік және сапа технологиялары: көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін инновациялық технологияларды пайдаланады.
-Стандарттар: медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттарға сәйкес рәсімдерді орындайды.
-Дәлелді практика: акушерлік практикада ең үздік заманауи жетістіктерді пайдаланады; тиімді перинаталдық технологияларды қолданады; алдын алу, диагностикалық және емдеу іс-шараларын олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелдеріне сүйене отырып қолданады
-Оңалту: тиімді оңалту негізінде пациенттің функционалдық қабілетін жақсартады.