“Акушерлік іс” мамандығы «Патологиялық акушерия» пәні бойынша студенттік онлайн бейнероликтер Республикалық конкурсының қорытындысы

Бөлісу

 

“Акушерлік іс” мамандығы «Патологиялық акушерия» пәні бойынша студенттік онлайн бейнероликтер Республикалық конкурсының қорытындысы

2025 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында Қазақстан Республикасының орта кәсіптік медициналық білім беру мекемелерінің білімгерлері арасында «Патологиялық акушерия» пәні бойынша бейнероликтердің сырттай Республикалық байқауы өткізілді.

Байқау «Акушерлік іс» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына сәйкес, оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында жүргізілді.

Байқауға жалпы Қазақстан Республикасының 14 медициналық колледжінен 18 қатысушы өз бейнероликтерін ұсынды. Ұсынылған барлық жұмыстар байқау Ережесінің талаптарына сәйкес бағаланып, ең жоғары ұпай жинаған үздік нәтижелер айқындалды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, денсаулық және амандық тілейміз!