«Акушерлік және гинекология пәнінен тәжірибелік сабақтың әдістемелік әзірлемелерінің сырттай Республикалық байқауының қорытындысы»
2023 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында Қазақстан Республикасының орта кәсіптік медициналық білім беру мекемелерінің оқытушылары арасында «Акушерлік және гинекология» пәні бойынша тәжірибелік сабақтың әдістемелік әзірлемелерінің сырттай Республикалық байқауы өткізілді.
Байқау «Акушерлік іс» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарына сәйкес, оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында жүргізілді.
Байқауға жалпы Қазақстан Республикасының 12 медициналық колледжінен 18 оқытушы өз әдістемелік әзірлемелерін ұсынды. Ұсынылған барлық жұмыстар байқау Ережесінің талаптарына сәйкес бағаланып, ең жоғары ұпай жинаған үздік нәтижелер айқындалды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Жаңа Жыл қарсаңында барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, денсаулық және амандық тілейміз!