«Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі!»

Без рубрики
Бөлісу

01.03.2024 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде
тәрбие бөлімінің ұйымдастырумен «1 наурыз -Алғыс айту күніне» арналған «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі!» тақырыбында ата-аналармен және қамқоршы-қорғаншылармен кездесу өтті.
Колледж белсенділерінің «Алғыс күніне» дайындаған концерті ата-аналарды қуантса, «АМАNAT» партясының «Бақытты отбасы – балалық шақ» бағдаламасын қолдап, колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ұрпақ тәрбиесінде маңызды үлес қосып келе жатқан ата-аналарды «Алғыс хат»пен марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

Жауапты: әлеуметтік педагог Буксукбаева А.А., психолог: Сүйінбекұлы К.