«Алау» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу

Без рубрики
Бөлісу

 

AMANAT» партиясының Тараз қалалық филиалы жанынан құрылған қоғамдық ақпараттық насихаттау тобының мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауынан туындайтын міндеттерге байланысты партия филиалының «Алау» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді. ✔️
Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық – саяси дамуы жолындағы мәселелерге талдау жасаған үлкен бағдарлама болды.
Президент «Азамат-бизнес-мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады» – деп атап көрсетіп, реформалардың басты бағдарларына жеке-жеке тоқталды.
Ақпараттық насихаттау тобының мүшелері осы жоғарыда аталған басым бағдарларға қатысты сөз қозғап, жиынға қатысушыларға бағдарлардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталғандығын айтты.
Жиын соңында қатысушылар Президент жолдауында елдің көкейінде жүрген маңызды жайттар қозғалғанын айтып, бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді.