«Қан кету, асқынулары. Уақытша қан тоқтату әдістері»тақырыбы бойынша ашық тәжірибелік сабағын өткізді.

Без рубрики
Бөлісу

04.05.2024. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің № º2 ЦӘК арнайы пәндер оқытушысы Даулетов Абат Мырзакулович «Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация» пәнінен «Емдеу ісі» 309 ЕФ-11/22 2- топша студенттерімен, «Қан кету, асқынулары. Уақытша қан тоқтату әдістері»тақырыбы бойынша ашық тәжірибелік
сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты:
білімділік:
1. Студенттерге қансыраудың клиникалық белгілерімен таныстырып, түсіндіру.
2. Уақытша қан тоқтату түрлерін үйрету.
3. Қан кеткенде организмде болатын асқынулармен таныстыру.
дамытушылық:
1. Студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде жетілдіру, дағдыларды қалыптастыру, логикалық сыни ойлауын және коммуникативті дағдыларды қолдана отырып манипуляцияларды орындай білу қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік:
1. Қансырау кезінде науқастарға күтім көрсету барысында кәсіптік деонтология ережесін сақтай отырып, студенттерді өз мамандығын сүюге, мейірімділікке, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, әдептілікке және сыпайылыққа тәрбиелеу.
2. Студенттер манипуляцияларды кәсіби орындау үшін білім мен дағдылардың маңыздылығымен, кәсіби және құқықтық жауапкершілікке тәрбиелеу.