«Ана –мерекем, ана – берекем!»

Без рубрики
Бөлісу

14.05.2024 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде тәрбие бөлімінің
ұйымдастыруымен «Аналар күніне» арналған «Ана –мерекем, ана – берекем!» атты аналарға және қамқоршы-қорғаншыларға арналған мерекелік концерт- кездесу өтті. Сонымен қатар колледж белсенділерінің дайындаған концерті аналарды қуантып, колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова құттықтап, аналарға өз алғысын білдірді.
Концерттік бағдарлама аясында аналарға арналған бейнеролик көрсетілді және де психологиялық тренингтер өткізілді. Аналар өз пікірлерімен бөлісіп, колледж ұжымына алғыстарын білдірді.

Жауапты: әлеуметтік педагог Буксукбаева А.А.